logo-30zhyl

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ

Басты бет » ҚСЗИ Аналитикасы

Бір реттік президенттік мерзім – билік ауысуының кепілі

asanbaev

Президенттік басқару формасы әлемнің көптеген елдерінде қолданылатыны белгілі. Мықты президенттік институты бар жерде мемлекет басшысы халықтың ерік-жігерінің негізгі орындаушысы болып табылады. Ол тек жоғарғы билікті бейнелеп қана қоймай, реформаларды жүзеге асырып, елде болып жатқан өзгерістер салдарының негізгі ауырлығын қабылдауы қажет.

Осыған байланысты қазіргі саяси реформалардың басты назары бір реттік президенттік мерзімде болуы керектігін атап өткен жөн. Мұндай бастама Қазақстанның тұрақты болашаққа бағытталған саяси жүйесін орнату жолындағы едәуір қызықты, маңызды және жауапты қадам.

Сондай-ақ бір реттік 7 жылдық мерзімнің енгізілуі бірнеше рет сайланудың салдарына куә болған таяу тарихымыздан бастау алады. Бұл ретте айтылып отырған президенттік өкілеттіктің қысқаруы бұдан былай барлық президенттер бес жылда екі рет сайланбай, жеті жылда бір рет сайланатынын білдіреді. Сонымен қатар өкілеттік мерзімінің қысқаруы биліктің тепе-теңдігін және президенттің икемді саясатын қалыптастырады.

Бір реттік президенттік мерзімді енгізу жөніндегі жаңа ережелердің өзгермейтіндігі елдің негізгі құжаты – Конституцияда заң жүзінде көзделетінін де атап өткен жөн. Бұл болашақта елдегі ең жоғары лауазымға үміткер саясаткерлердің келесі ұрпағы үшін осы мәселедегі инновацияларға қатысты айла-шарғы жасау ықтималдығын жояды. Басқаша айтқанда бір президенттік мерзімнің енгізілуін елдің болашақ президенттерін қайта сайлауға тиімді тосқауыл ретінде қарастырған жөн. Бұл нәтижесінде президенттерді мерзім сайын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Мұхит Асанбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

жетекші ғылыми қызметкері

 

[bws_pdfprint display='pdf,print']

Бөлісу:

Өзекті