logo-30zhyl

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ

Басты бет » Жаңалықтар | Іс-шаралар | Серіктестер

ҚСЗИ мен РҒА ӘЭХҚИ ынтымақтастық мәселесін талқылады

photo_2022-09-26_15-27-03

2022 жылдың 23 қыркүйегінде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ мен РҒА ӘЭХҚИ  басшылығы арасында кездесу өтті.

Кездесу әлемдік саясат пен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне, екі жақты қарым-қатынастың перспективаларына, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы сараптамалық диалогты одан әрі кеңейтуге арналды.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов екі тараптың алдыңғы қатардағы талдамалық орталығы арасындағы қарым-қатынасты дамытудың және Қазақстан-Ресей сараптама кеңесін құру маңыздылығын баса айтты.

Талқылау барысында РҒА ӘЭХҚИ директоры Федор Войтоловский ғылыми-зерттеу саласындағы болжау мен ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейіне шығу өзектілігін атап өтті.

Жалпы кездесудің қатысушылары екі жақты қарым-қатынастың оң қарқыны және Қазақстан мен Ресейдің одан арғы ынтымақтастығының перспективаларын атап өтті. Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Ресейдің  талдамалық орталықтары арасындағы қарым-қатынасты нығайту туралы бітімге келді.

[bws_pdfprint display='pdf,print']

Бөлісу:

Өзекті